«Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық: жаһандану жағдайындағы ғылым мен коммуникацияның өзара ықпалдастығы»

23.01.2017

Көрулер: 2162

2017 жылдың 23 қаңтар сағ 11.00-де журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы, Түркі тілдес журналистер Қорының Президенті, журналист Нәзия Жоямергенқызының қолдауымен  Т. Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында Гирне Америка университетінің (Girne American University) директоры Орхан Гасаноглу, жазушы, профессор, философия ғылымдарының докторы Шамиль Садигпен ғылыми-тәжірибелік кездесуге шақырамыз. Шара барысында Шамиль Садиг және Мушфиг Ханның «Следами надежд» тарихи-деректі детектив романы кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді. 

Жауаптылар: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор Н.Т. Шыңғысова; кафедра меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы Д. Байгожина.