Биофизика және биомедицина кафедрасының студенті Бакирова Акбота Даркановна «Жылдың үздік студенті» атты Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

30.11.2019

Көрулер: 2157

 

Елімізде «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен жыл сайын “Жылдың ең үздік студенті” Республикалық байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты – Жастар жылының аясында еліміздің жоғары оқу орындарында білім алатын дарынды жастарды анықтау және қолдау. Жеңімпаздарды барысында жастардың білім, ғылым, өнер және спорт саласындағы жетістіктері мен ұйымдастырушылық қабілеті басты бағдарға алынып, сарапқа салынады.

“Жылдың ең үздік студенті” Республикалық байқауында «5В011300-Биология» мамандығының 3 курс студенті Бакирова Акбота қазылар алқасы тарапынан жоғары баға алып, жоба жүлдегері атанды. Акбота университетіміздің белсенді студенттерінің бірі, Алматы қ. Жас-Отан жастар қанаты төрағасының орынбасары.

Жалпы байқауға қатысуға республика бойынша 2 мыңға жуық өтініш келіп түскен, солардың арасынан 98 үздік студент іріктеліп алынды. Жобаның жеңімпаздарының есімі «Жылдың үздік студенті» жобасы мен Жастар жылы аясында «Bilim-orkeniety»  ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің жинағына енді. Жинақта отандық жоғары оқу орындарындары студенттерінің арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, байқаулардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы дерек берілген. 

 

Куратор-эдвайзер: Қайрат Б.Қ.

www.kaznu.kz