Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып аралығында Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

14.02.2023

Көрулер: 1126

2023 жылдық 14-16 ақпан аралығында «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып аралығында Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер кафедрасының доценті Тоқтабаева А.Қ. химия пәнінен қазылар алқасы мүшесі ретінде қатысты. Химия пәнінен дарынды балалар көп қатысуы, олардың қызығушылықтары қатты қуантады. Олимпиада өте қызықты, жоғары деңгейде және ашық өтті.