«Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орнының Химиялық және биомедициналық технологиялар ғылыми-зерттеу мектебінде ғылыми тағылымдама

24.03.2023

Көрулер: 731

2023 жылдың 13-24 наурыз аралығында 7M07106 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 2 курс магистранттары Нұржанова Анель мен Берікова Ақбота «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орнының Химиялық және биомедициналық технологиялар ғылыми-зерттеу мектебінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама аясында магистранттар магистрлік диссертацияны аяқтау үшін ғылыми материалдар жинап, біліктіліктерін арттырды.