ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТТАРЫ" тақырыбында Халықаралық қысқы мектеп
15.02.2023
Көрулер: 879
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлердің химиясы мен химиялық технологиясы кафедрасы 2023 жылдың 15 ақпанында Е.Е. Ерғожин атындағы Ғылыми Кеңес Мәжілісінің залында гибридті форматта (онлайн-оффлайн) "ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТТАРЫ" тақырыбында Халықаралық қысқы мектеп өткізді. Спикерлер ретінде фармацевтикалық компаниялар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, сондай-ақ шетелдік университеттердің ғалым-әріптестері шақырылды.






