БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Көрулер: 1396
Дөңгелек үстелге химия және химиялық технология факультетінің деканы, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен оқытушы-профессорлық құрамы қатысты.
Дөңгелек үстел модераторы химия және химиялық технология факультетінің деканы Галеева Алина Кулбаевна өз сөзінде ел Президенті жолдауының халқымыз үшін маңыздылығын атап өтті.
Спикер Нұрболат Құдайбергенов еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуы үшін Президент жолдауында қарастырылған келесі басым бес бағдарға толық тоқталып өтті:
1. Жаңа экономикалық саясат
2. Нақты секторды дамыту
3. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция
4. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту
5. Заң және тәртіп
Дөңгелек үстелге қатысушылар саяси мәселелерді түсіндіру бойынша кездесулер өткізу қажет және маңызды екендігі жайлы өз пікірлерін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша факультет деканы Галеева А.К. ел Президенті жолдауындауында көрсетілген басым бағдарлар мен реформаларды жүзеге асыруда факультет ұжымын белсенді ат салысуға шақырды.
Іс-шара жайлы посттар химия және химиялық технология факульттетінің сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.






