Халықаралық олимпиада

22.11.2021

Көрулер: 1548

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамы:

Төраға: х. ғ. д., профессор А. П. Курбатов

Тең Төраға: PhD Ф. И. Мальчик

Қазылар алқасының мүшелері:

PhD, профессор T. Djenizian,

х. ғ. к., доцент А. К. Галеева,

х. ғ. к., профессор Р. К. Надиров

Олимпиадаға келесі командалар қатысты

"IONS" командасы (Назарбаев Университеті, Қазақстан): Nurbol Tolganbek, Assel Serikkazyyeva, Yerkezhan Yerkinbekova, Aktilek Akhmetova), Aurbach командасы (Бар-Илан Университеті, Израиль): Gil Bergman, Bar Gavriel, Meital Turgeman, Shaul Bublil, "Specter" командасы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан): Kaupbay Olzhas, Rubanova Alena, Abdimomyn Saken, Quantum командаы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан): Yaroslav Zhigalenok, Tolkyn Kurmanbayeva, Margarita Ryabicheva, Kaiyrgali Maldybayev, сондай-ақ қонақтар-Бабеш-Боляй университетінің бақылаушылары (Клуж-Напока қ., Румыния).

Әр команда Олимпиада өтетін күні өз зертханаларында 4 сағат бойы онлайн-режимде орындаған 3 эксперименттік тапсырмадан тұратын тапсырма алды.

Алынған есептерді қазылар алқасы талдап, бағалады. Нәтижесінде бірдей ұпай санын 2 команда алды: Ions (Назарбаев Университеті) және Aurbach team (Бар-Илан Университеті), олар 1 орынды және 800 Еуро жүлдені бөліп алды. 2 және 3 орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары - Specter және Quantum иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!