«Айналанды нұрландыр»

03.11.2021

Көрулер: 1532

22 қазан 2021 ж. Физикалық химия, катализ және мұнай химия кафедрасының доцент м.а. Искакова Р.А., Наренова С.М., аға оқытушысы Батырбаева А.А. және «Химия білім беру» мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Айналанды нұрландыр» атты студенттер арасында іс-шара өтті.

Аталған іс шарада , Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен  «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Жасыл ел»   кешенді бағдарламасы бойынша ақпарат алмасып, табиғат ресурстарын үнемдеу, табиғатты қорғау мәселелері бойынша қатысушыларымыз сайысқа түсті. Факультетімізден сайысымызға:

1. «Зеленые десанты»

2. «Энергия»

3. «Green government»

4. «Green rise»

атты 4 студенттік топ қатысты. Олар төмендегі 5 кезең бойынша сайысқа түсті.

1 кезең: Командалармен танысу

2 кезең: Студенттердің «Жасыл Ел» бағдарламасын іске асыруына қосатын үлесі

3 кезең: Интеллектуалды жарыс

4 кезең: «Жасыл Ел» бағдарламасының химия саласында іске асырылуы 

5 кезең: Шығармашылық сайыс

Аталған кезеңдер бойынша, өздерінің алғырлығы мен білімділігі арқасында жоғары ұпай жинап, ерекше көзге түскен "Green government" тобы бас жүлде иегері атанды. Жоба қатысушылары бүгінгі күннің өзекті мәселесі электр қуатының альтернативті көздерін табу жайлы және тағы да бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

 

Физикалық химия, катализ және мұнай химия кафедрасы

Химия және химиялық технологиялар факультеті