VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

30.04.2021

Көрулер: 1942

2021 жылдың 28-30 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Новосібір мемлекеттік техникалық университеті (Ресей) бірлесіп ұйымдастырған «Функционалды материалдардың химиялық технологиялары» атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Аталмыш конференция дәстүрлі түрде екі университет тарапынан жыл сайын Ресей мен Қазақстанда кезектесіп өткізіледі.

Шараның аясында «Функционалды материалдарды синтездеу, модификациялау және өндіру процестерін болжаудың ғылыми негіздері», «Функционалды материалдарды алудың экологиялық аспектілері», «Химиялық технологиялардың процестері мен құрылғылары» және «Физикалық-химиялық зерттеулер мұнай химиясы және мұнай өңдеудің каталитикалық процестері мен катализаторлары» сияқты бағыттар қарастырылды.

Конференция барысында қатысушылар «Гудрон мен мазутты гидроөңдеудің 3-d құрылымдалған органикалық қоспалары бар катализаторларына әсерін зерттеу», «Pd/MgO катализаторларының синтезі және тотығу қасиеттері» атты тақырыптар бойынша жасалған зерттеулерді талдады.

Онлайн конференцияға төрт жүзге тарта адам қатысса, оның 253 шетелдік ғалымдар болды. Жалпы 132 баяндама тыңдалып, оның ішінде 52-і презентация түрінде ұсынылды.

Конференция нәтижелері бойынша РҒДИ деректер базасында индекстелетін конференция еңбектерінің жинағы шығарылды. Web of Science деректер базасында индекстелетін ATEC Web of Conferences журналының редакциясымен журналдың арнайы шығарылымында мақалаларды жариялау туралы келісімге қол жеткізілді.