КазҰУ-мен жарқын болашаққа

24.04.2021

Көрулер: 1562

КазҰУ - мен жарқын болашаққа

23 сәуір 2021 жылы физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы оқытушылары Қызылорда қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларына арналған «ҚазҰУ – мен жарқын болашаққа» атты іс-шара ұйымдастырды. Онлайн жиынға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті бетке ұстар түлектері Dr.rer.net Д. Mожаева (Германия), «5B011200 – Химия» мамандығы 3-курс студенті Жұлдыз Омарбай қатысты. Кездесуде университетіміздің құрылымы, факультеттерде дайындалатын мамандықтар және оқу орнының мүмкіндіктері, құжаттарға бойынша қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Оқушылардың сұрақтарына байланысты қос дипломдық бағдарлама, НЗМ түлектерін қабылдау ерекшеліктері, тағлымдамадан өтуге болатын өнеркәсіп орындары туралы мәліметтер кеңінен талқыланды. Кеш қонақтары мансаптық өсудегі факультет қабырғасында алған білімнің маңызы мен артықшылығы жайында баяндап берді. Кездесу барысында оқушылар өздерін көкейінде жүрген сұрақтарға толыққады жауап алды.