Ортақ тіл – өмір талабы

30.03.2021

Көрулер: 1828

Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толса да, тіл мәселесі әлі де өзекті. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғанына қарамастан, біз қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тарту жағдайларын жиі кездестіреміз немесе тіл туралы заңға сәйкес келмейтін жарнамалар жиі кездеседі. Бірақ біз агрессиямен және заңды қатаңдату арқылы мәселе шешілмейді деп ойлаймыз. Қазақстан халқы саналы түрде ортақ тілге келуі керек.

Үш тілде шақыру алдын ала жіберілді.

Іс-шара ұйымдастырушылардың сәлемдесуінен басталды, содан кейін презентация түрінде, кіріспе, жалпы түсініктер, ақпараттар беру, студенттер мен магистранттар тарапынан сұрақтар және қорытындыдан тұрды. Презентацияда ҚР-ның Тіл туралы заң, қазақ тілін білу керек пе, тіл маңыздылығы және т. б. мәселелер көтерілді. Сонымен қатар презентация соныңда жиынға қатсып отырған студеттер мен мұғалімдердің көкей кесті сұрақтарына толық әрі нақты жауаптар берілді.

Іс-шараға "Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы" кафедрасының студенттері, магистранттары, оқытушылары қатысты. Кездесу өз деңгейінде өтті және қатысушылардың толықтай көңілдерінен шықты деуге толық негіз бар. Себебі кездесуден кейін кейбір студенттер өздерінің қызығушылықтарын танытып, біздермен кері байланыс орнатты.