«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ»

19.04.2019

Көрулер: 2828

Сол тізімнің қатарында біздің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Джелдыбаева Индира Мұхаметкерімқызы бар. Жас ғалымды жеңісімен құттықтай отырып, ары қарай биіктеп, ғылымның жаңа белестерін бағындыруын тілейміз. Ұлы ғалым Менделеев Д.И. «Ғылымның нәтижелі болуы біздің оны тек біліммен ғана емес, жүрекпен де қабылдауымызға байланысты» дегеніндей, Индира Мұхаметкерімқызы, біз сіздің ғылыми потенциалыңызға ғана емес, кең жүрегіңізге де сенімдіміз. Сонымен қатар, жас ғалымның ғылыми жетекшісі химия ғылымдарының докторы, профессор Жақсынтай Қайырбекұлына осындай алғыр, дарынды ғалымдарды тәрбиелеп жатқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Жақсынтай Қайырбекұлы сізге ұзақ өмір тілей отырып, сіз және сіздің мектебіңіз Қазақстан Республикасының болашағы екендігіне сенімдіміз!