Қазақстандық танымал химик, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, З.Мансуровқа ЮНЕСКО-ның «Наноғылым мен нанотехнологияның дамуына қосқан үлесі үшін» медалы табыс етілді.

26.11.2018

Көрулер: 5482

2010 жылы ЮНЕСКО бас директоры негізін қалаған бұл медаль, жыл сайын сала бойынша және әлемдік ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ұйымдарға табыс етіледі. Қазақстандық ғалым бұл мадалға «көміртеткі материалдар өнідіріс технологиясын жасауға қосқан үлесі үшін және көміртеткі нанотүтікшелерді, графенді жалдында синтездегені үшін» ие болды.

  Марапаттаудан кейін З.Мансуров өз сөзінде , ЮНЕСКО-ның еңбегін бағалағанына алғыс білдіре отырып, «Қазақстан ғылымның жетістігі көп жағдайларға тәуелді, қазіргі күні біздің ғалымдар, әсіресе жастардың әлемдік ғылыми орталықтармен жұмыс жасауына барлық мүмкіндіктер бар», бұл жағдайда, елбасы реформаларының маңызы зор деп атап көрсетті.

         Марапаттауға қатысқан, Қазақстанның ЮНЕСКОдағы тұрақты өкілі, Жан Ғалиев отандасын құттықтай отырып, бұл еңбегіңіздің және наноғылым мен нанотехнология дамуына қосқан үлесіңіздің Қазақстандық және халықаралық ғылыми ұйымдар жағынан мойындалуы деп атап өтті.

Осы жылы сонымен қатар бұл медалмен Россия, Франция, Австралия, Финляндия, Австрия, Греция, Египет, США қатарлы елдердің 9 өкілі марапатталды.

Бұл медалмен бұрын марапатталғандардың ішінде физика саласы бойынша Нобел сыйлығының лауреаты Исаму Акасаки және Жорес Алфёров, Қытай ғылым академиясының Чунь ли Бай бар.