Бабош-Боляй университетінің химия және химиялық инженерия факультетінің делегациясымен кездесу

11.05.2018

Көрулер: 3472

2018 жылдың 10 мамырында факультетте Румынияның Бабош-Боляй университетінің химия және химиялық инженерия факультетінің делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында химиялық инженерия кафедрасының меңгерушісі Грациелла Турдеан, проф. Петру Илеа, ассоц. проф. Александра Цавдари болды. Факультет оқытушылары мен магистранттары былтырғы жылы аталған университетте тағылымдамадан өткен болатын. Кездесу нәтижесінде Erasmus+ жобасының аясында оқытушылардың тағылымдамадан өту, магистрлерді дайындау, ғылыми әріптестікті дамыту мәселелері бойынша келісім жасалды.