Факультет КВН құрамасы «Сұңқар кубогын» иеленді

09.04.2018

Көрулер: 3127

2018 жылдың 6 сәуірінде Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сұңқар кубогы» Super Smart Project жобасының финалы өтті. 6 команда қатысқан финалдық сайыста химия және химиялық технология, механика-математика факультеттерінің біріккен командасы жеңіске жетіп, «Сұңқар кубогын» иеленді. Команданы жеңісімен құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!