Факультет профессорлары ҚР БҒМ алғыс хаттарымен марапатталды
02.03.2018
Көрулер: 3036
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің 2017 жылдың 15 желтоқсанындағы бұйрығымен ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Ж.Қ.Қайырбеков пен осы кафедраның меңгерушісі Е.А.Әубәкіров алғыс хаттармен марапатталды. Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!







