Сәкен Майғазиевпен кездесу кеші!
08.02.2019Біздің университетіміздің Химия және Химиялық технология факультеті, Физика-техника факультеті мен Ақпараттық технологиялар факультетінде өздеріңізге белгілі «Атамекен патриоттары» клубы неше жылдан бері тәрбиелік мақсатқа сәйкес біршама жұмыстар атқарып келеді. Атап айтатын болсақ: ел ағалары мен аналары: Бекболат Тілеуханов, Мұхтар Шаханов, Мұхамеджан Тазабеков, Ринат Заитов, Серік Қалиев, Айша Кеңесбай, Перзент балалар үйінің анасы Айша ханым, Ардақ Назаровтармен керемет кездесулердің ұйытқысы болғаны бәріңізге мәлім.






