Кәсіби бағдар - 2020

10.03.2020

Көрулер: 2763

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы бірнеше жыл көлемінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерін еліміздің әр аймағындағы мектептерге жіберу ісін де қолға алып отыр. Осы мақсатта еліміздің аудан-ауылдарындағы мектептермен келісім-шарт жасасып, болашақ түлектердің жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ, оқушылардың өз кәсібін дұрыс таңдауына ықпал жасау бағытында жұмыстар жолға қойылған. Еліміздегі облыстармен олардағы аудан, ауылдардың мектептерімен байланыс орнату да өзінің кезегін күттірмес іс. Түркістан облысының Түркістан қаласындағы № 19 жалпы орта мектеп, Шардара ауданындағы  Ұзын-Ата жалпы орта мектебі, Отырар ауданындағы «Отырар» жалпы орта мектебі, Созақ ауданы Жуантөбе ауылындағы С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылындағы М.О. Әуезов атындағы орта мектебі, Ақтөбе облысының Алға ауданындағы №1 Алға мектеп бақшасы жалпы орта білім беретін мектебі, Ақтөбе қаласындағы №40 жалпы орта білім беретін мектебі, Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы № 29 жалпы білім беретін мектебі, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы, Ақшұқыр мектеп-лицейі, Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Юрий Гагарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебі, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Шыңғырлау ауданындағы Тасмола орта жалпы білім беру мектебі, Теректі ауданындағы Подстепный қазақ жалпы орта мектебі, Қызылорда облысының Қызылорда қаласындағы С. Толыбеков атындағы № 3 ақпараттық технология мектеп-лицейі, Шиелі ауданындағы № 156 Нартай Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі осы шаралардың ішінде жұмыс берушілер санын арттырып, еліміздегі сұранысқа ие мамандарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері арасынан таңдап алуды жөн санайды.