Кездесу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2020 жылдың 22 сәуір күні «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті», «7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті», «7М02309- Әдебиеттану», мамандық студенттері, магистранттары менжұмыс беруші Гази университеті, Анкара Хаджы Байрам Вели университеті (Түркия), Печь университеті (Венгрия), М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Қазақстан), А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқу әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығы өкілдері және №81, №145 жалпы білім беретін мектептер директорларымен атты кездесу өткізді. Іс-шараға университет оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Кездесу барысында бітіруші студенттер жұмыс берушілерге өздерін қызықтырған сауалдарын қойып пікір алмасты.

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы жұмыс жоспарына бойынша оқитын студенттердің бағытына сәйкес келетін жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырып, мүдделі ұйымдар шеңберін үнемі кеңейтіп отырады. Кездесу соңында барлық қатысушыларға жұмыс беруші тарапынан ұйымдардың жұмысы туралы ақпараттық материалдар, электронды буклеттер мен слайдттар таратылды. Осындай кездесулерді өткізу жұмыс берушілердің болашақ мамандармен танысуына, ал студенттерге нарықтағы өз перспективалары туралы білуіне мүмкіндік береді.

Жұмыс беруші серіктестерімізге біздің студенттерімізбен қарым-қатынас жасау үшін уақыт тауып, кездесуге қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.