Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие

 

Елімізде 18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Оның бір дәлелі ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының студенттеріне жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру мақсатында "Саналы ұрпақ" жобасының жетекшісі ,  - Токушев Каиржан Ахметбекұлымен дәріс сабағы өтті.
Cеминар барысында  Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы  және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру туралы өзекті мәселелер түсіндірілді.
Лектор өз  сөзінде, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі  тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, көптеген мемлекеттерде өзекті болып табылады деп атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық салаларда саясатта, экономикада, әлеуметтік аяға жағымсыз ықпал етеді. Бұл құбылыстың жағымсыз әсері ұлттық қауіпсіздік мүддесіне қауіп-қатер төндіреді.
  Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиістігін ескертті.
Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы күреске заңнамалық база құрылған, олар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» туралы заң, сонымен бірқатар арнайы бағдарламалар бар,-деді ол.
Болашақ  бітіруші түлектерге алдағы уақытта жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жол бермеуге,заң жүзінде белгіленген межеден аспауды нықтап тапсырды.
Іс-шара соңында студенттермен талқыланған тақырып шеңберінде  сұрақтар қойылып жауаптар берілді.