ҚазҰУ туралы шетелдІк студенттерінің ой-пікірлері

Менің атым Уәли Шәтгүл. Қытай Халық Республикасынан келдім. Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студентімін. Бәсекеге қабілетті нағыз білімді ел ертеңін дайындауды мақсат еткен ұстаздарым мен дарынды группаластарым бізді алғаш келген күннен бастап жылы қарсы алды. Сол күннен бері үш жыл да өте шықты. Осы уақыт аралығында білімім мен біліктілігім артып, үйренгенім көп болды. Білім іздеген жастарға тереңдетіп тағлым беретін филология факультетінің ұстаздарын ерекше атап өткім келеді. Қазақстандағы ең үздік оқу орнында ҚазҰУ-да оқитынымды мақтан тұтамын!

 

 

 

Менің атым – Чэнь Цзин. Курстастарым еркелетіп Назым дейді. Міне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінде оқығаныма 3 жылдан да асты. Студенттік жылдарымның осы университетте өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Себебі ҚазҰУ – Қазақстандағы сапалы білім беретін үздік университеттердің бірі. Университетте білім алуға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ қасиетті білім ордасынан тапқан достарым өте көп. Солардың арқасында Алматы қаласына, Қазақстанға тез үйреніп кеттім деп айта аламын. Биыл біздің университетіміз 85 жылдығын атап өтеді. Мерейтойың құтты болсын ҚазҰУ!

 

 

Менің атым Хуан Юй. Қытай Халық Республикасынан келдім. Достарым мен курстастарым Самал дейді. Қазақ есімі өзіме өте ұнайды. Филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студентімін. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу үдерісі бойынша басқа жоғары оқу орындарынан оқ бойы озық тұрғаны сөзсіз. Сонымен қатар білім ордасында студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Заман талаптарына сай студенттердің лайықты тұрмысы мен демалысына, спортпен айналысуына, рухани және шығармашылық дамуына, ең бастысы алаңсыз білім алуға мүмкіндіктер мол жасалған. Мен Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орнында оқып жатқанымды мақтан тұтамын. Факультетіміздің оқытушылары мен студенттеріне ғылыми, шығармашылық жетістіктер тілеймін!