Үздік студенттік топ, 2019

 

2019 жылдың 9 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінде «Үздік студенттік топ» сайысы өтті. Сайыс кезінде студенттер әдебиет, тіл, өнер салаларындағы білімдерін, актерлік және шешендік қабілеттерін көрсетті.

Сайыстың қорытындыса бойынша, ең үздік студенттік топ «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 201-тобы болды. Куратор-эдвайзер – қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Темірболат А.Б.