Мағжан поэзиясындағы азатшылдық рух

19.11.2018

Көрулер: 1008

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенттері Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай «Мағжан поэзиясындағы азатшылдық рух» атты әдеби семинар өткізді. Бұл әдеби семинарға филология ғылымдардың кандидаты Имаханбет Райхан Сахыбекқызы қатысты. Жалынды сырға толы ақынның өлеңдерін талдап, поэмаларының маңызын ұғындарған студенттер өз ойларымен белсене бөлісті. Іс-шара соңында аға-оқытушы Шортанбаев Шоқан Амангелдіұлы бұл семинардың маңыздылығын айтып, болашақ жастарға сенімін білдірді.