Мерекелік іс-шара

03.05.2022

Көрулер: 1089

4 наурыз күні РМК "Ғылым Ордасы" Орталық ғылыми кітапханасында  көктем мерекесіне орай "Ана - мәңгілік шуақ төккен ғасырларға"  атты мерекелік іс-шара болып өтті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің «Сандық архивтану және құжаттану» және "Кітапханалық ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Орталық ғылыми кітапхананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагер кітапханашы Лаура Демовна Абеновамен және кітапхана ұжымымен кездесті. Кездесуде кітапхананың тарихы мен қызметі туралы қызықты естеліктері айтылды. Кездесудің екінші жартысы, болашақ мамандарымыздың арнаулы концерттік сый-тартуымен жалғасын тапты. ​