«НИКА» клубының «Фараби әлемі» студенттік конференциясы аясында өткізген секциялық жұмысы

03.05.2022

Көрулер: 1176

7 сәуір 2022 күні «Фараби әлемі» дәстүрлі студенттік конференциясы аясында «Ежелгі дүние және орта ғасырлардағы Шығыс пен Батыс» секциясы жұмыс жасады. Модераторлары дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценттері, т.ғ.к. Қартабаева Е.Т. және Мийманбаева Ф.Н. Секция жұмысы барысында барлығы 15 баяндама тыңдалды (соның ішінде 7 баяндамашы «НИКА» клубынан қатысты), қызу талқылаулар жүрді.