44-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

20.04.2022

Көрулер: 1253

"ОНР ПТСайнс" бүкілресейлік ғылыми-зерттеу қоғамы (Мәскеу қаласы) 44-ші Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын өткізді. Қоғамның шақыруы бойынша конкурсқа Қазақ ұлттық университеті атынан тарих ғылымдарының докторы Сәуле Жәкішева және тарих факультетінің студенті Гүлінұр Давутова "Педагогикалық ғылымдар бойынша ғылыми мақалалар" номинациясына қатысты.

Г.Давутованың "Ойын-сауық арқылы оқыту контексіндегі визуалдық новелла" атты мақаласы кәсіби ғылыми дайындығы үшін екінші дәрежелі дипломмен және С. Жакишеваның алғыс хатымен атап өтілді.