Кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді
25.01.2022
Көрулер: 1626

2022 жылы 25 қаңтар күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы Абдрахим Мирас Еркінұлы Алматы қаласындағы №198 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Университет қабырғасында даярланатын мамандықтар мен оның ерекшеліктерін түсіндіріп, әсіресе, Тарих факультетіндегі мамандықтар бойынша барынша кеңірек ақпараттар берді. Сондай-ақ болашақ талапкерлердің сұрақтарына жауап беріп, кәсіби бағдарлық жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.






