Шетелдік ғалымдардың ашық дәрістерін тыңдауға шақырамыз

11.12.2021

Көрулер: 1965

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар және докторанттар!

 

Сіздерді 2021 жылы 13 желтоқсан күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің арнайы шақыртуымен келген шетелдік профессорлар – болгар ғалымы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Николай Вуковтың «History, Memory, Heritage: The Communist Period and Its Aftermaths» («Тарих, жады, мұра: коммунистік дәуір және оның салдары») атты тақырыпта және Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Өзекті тарих және медиа зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (РАНХиГС, Мәскеу), тарих ғылымдарының докторы, Магнитогорск университетінің профессоры М.Н. Потемкинаның «Вторая мировая война в антропологическом измерении» («Антропологиялық өлшемдегі Екінші дүниежүзілік соғыс») атты тақырыптағы ашық дәрістерін тыңдауға шақырамыз.

Дәрістердің өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әл-Фараби кітапханасы, Тұңғыш Президент залы. Сондай-ақ дәрістерді ZOOM платформасыда онлайн режимде де төмендегі сілтеме бойынша тыңдауға болады.

https://teacherscollege.zoom.us/j/95590218667

ID: 961 8352 6196