«Тәуелсіздік: мәңгілік елдің берік тұғыры» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды
02.12.2021
Көрулер: 1977

2021 жылдың 1 желтоқсан күні Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультеті Дүниежүзі тарихы тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы Ж.Т. Қосмырза және доцент м.а., т.ғ.к. Б.С. Асанова №10 студенттер үйінде «Тәуелсіздік: мәңгілік елдің берік тұғыры» атты іс-шара өткізді. Қазіргі уақыттағы санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген аталмыш шарада студенттер тақырып аясында баяндама оқып, тәуелсіздігімізге арналған жалынды өлеңдерін жолдады.






