ТМД елдерінің жас архивистерінің IV жазғы мектебі

16.06.2021

Көрулер: 1512

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен және Қазақстан Республикасы Президентінің архивімен ынтымақтастықта жыл сайын ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған жазғы мектеп өткізеді. ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған дәстүрлі жазғы мектеп биыл алғаш рет 21-23 маусым аралығында бейнеконференция форматында өтеді.

Жас архивистер форумының жұмысына Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 250-ден астам адам қатысады. Жазғы мектепте лекторлар Беларуссиядан, Кореядан, Польшадан, Ресейден, Финляндиядан және Қазақстаннан архив ісінің жетекші мамандары мен практиктері болады.

Архивтерді цифрландыруға, электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету проблемаларына, архивтердің күнделікті қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мен қолдануға, электрондық құжаттармен жұмысты реттеуде цифрлық дипломатия мәселелеріне, архив құжаттарының түпнұсқаларын сканерлеу, сондай-ақ шетелде электрондық құжат айналымын реттеудің заманауи тенденцияларына басты назар аударылады.

Архивистердің жазғы мектебі - бұл ТМД елдері архив ісі бойынша студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және мамандардың сапалы білім алуына арналған жаңа форматтағы білім беру алаңы. Цифрландыру мен модернизация архив ісін айналып өтпеуі керек. Жас архивисттерге арналған жазғы мектепті бітіргеннен кейін барлық қатысушылар жеке сертификаттармен марапатталады.