Президенттік стипендия иегері атанды!

10.12.2020

Көрулер: 2485

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің комитетінің бұйрығымен 2020-2021 оқу жылында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев стипендиясының  иегері ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бойынша тек 1 ғана білім алушы - Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты Жақсылықова Айгерім Сержанқызы танылды! Құрметті, Айгерім Сержанқызы, білім биігіндегі жетістіктеріңіз жылдан-жылға көбейіп, білім алып жатқан оқу орныңыздың абыройын арттыра бергейсіз !