Дәстүрлі құндылықтар және радикалды идеология

20.11.2018

Көрулер: 2372

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тариx арxеология және этнология факультетінің Қазақстан тариxы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен "Дәстүрлі құндылықтар және радикалды идеология" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында бүгінгі күнгі дәстүрлі құндылықтары мен азаматтарымыздың дінге деген көзқарасы, пікірі мен ойлары және елбасымыздың Руxани жаңғыру бағдарламалық мақаласының негізі болып отырған дәстүр мен дін тақырыбында сөз қозғалды. Осы тақырыпта өз пікірлерін білдіріп, тың ойларымен бөліскен басты қонақтар педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценттері Фатима Ақынбайқызы Қозыбақова, Ажар Тоқсанқызы Ахметжанова, Еділ Ноянұлы Ноянов, Тасилова Назия Айтбаевна, PhD доцент Мадина Досбергенқызы Байдавлетова және дүние жүзі тариxы, тариxнама және деректану кафедрасының доценті,  тариx ғылымдарының кандидаты Қартабаева Ерке Тамабекқызы, Алматы қаласы Орталық мешітінің имамы Ермек Жамбылұлы Көкірекбаев және т.б. келді.

Қазақстан тарихы кафедрасы - Ноғайбаева М.С., Тасилова Н.А., Менситова Г.И., Дуйсебаева А.И.