DIREKT жобасының халықаралық семинар-тренингы

21.10.2018

Көрулер: 2281

Әл-Фараби кітапханасында DIREKT (Өндірістен қол үзбей оқу мен ғылыми білімге негізделген экономикасының транс-аймақтық ақпараттық сауаттылықты дамыту) жобасының халықаралық семинар-тренингы өтті. Халықаралық семинар-тренинг ұйымдастырушылары әл-Фараби ат.ҚазҰУ атынан жоба координаторы Султангалиева Г.С., жоба қатысушылары  Суйнова А.Т. (Тарих, археология және этнология факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы),Карагойшиева Д.А. Онгарбаева М. (Филология және әлем тілдері факуьтеті, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы), Туенбаева К.Т (аль-Фараби кітапханасының директоры), Тастанкулов Е. (бас кітапханашы). 

Семинар-тренингке жобаның серіктес университеттері қатысты: Н.П. Огарев атындағы Мордова мемлекеттік университеті,  Қиыр Шығыс федералды университеті,Иммануил Кант атындағы Балтық федералдық университеті, NP NEICON, Петрозавод мемлекеттік университеті, Костанай мемлекеттік университеті.А. Байтурсынов, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Пекин технологиялық институты, Солтүстік-Батыс политехникалық университеті, Нанкин ғылым және технология университеті.

Іс-шаран өткізудегі басты мақсат - жобаны іске асыру сатыларының тиімділігін бақылау, жобаның ықпал етуі мен тұрақтылығын, сондай-ақ мақұлданған жоба жоспарына сәйкес, жоба тиімділігін және нәтижелерін тарату стратегиясы бойынша нәтижелер мен жетістіктерді талқылау.

Сапар бағдарламасына Дидактика және ғылым жөніндегі және Ақпараттық сауаттылық (ILMWG) бойынша жұмыс топтарының іскерлік кездесулері кірді. Семинарда DIREKT жобасының координаторлары  Лимерик технологиялық институтының (Лимерик, Ирландия) өкілдері Падраиг Кирби және Джеральд Кавангх «Ақпараттық сауаттылық және ғылыми стильде жазу 2 (LIT)» және «8-модуль Кәсіби мақсаттар негізіндегі ағылшын тілі» бойынша тренингтер өткізілді. Кездесу мен тренингтердің ашылуында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Бүркітбаев М.М. құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде проректор қоғамдағы құрылымдық өзгерістер, оның ақпараттандырылуы және қазіргі заманғы дамудың негізі ретіндегі білімнің рөлі, жоғары оқу орындарының стратегиясын ғана емес, сонымен қатар университет кітапханаларын анықтайтын білім беру жүйесін өзгерту маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында барлық қатысушы университеттердің координаторлары мен жоба мүшелеріне сертификаттар берілді.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафед