Тәуелсіздік нышаны төл теңгеге – 25 жыл

31-қаз-18

Көрулер: 2289

Қалаптасқан Қазақстан елінің төл теңгесінің де туған күні жақындап қалды. Төл теңгеміздің жарыққа шығып, қолданысқа енуіне  ширек ғасырдың шегі жақындап отыр. Осы орайда  бүгінгі «рухани жаңғыру» жағдайындағы қазақ елінің дамуында төл теңгеміз бен оның алатын орнын ерекше ескеруіміз қажет. Жалпы ел тарихы мен оның мәдени құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге негіздеуде тарих ғылымының алатын орны ерекше.

Тәуелсіздік жаршыларының бірі төл теңгенің туған күніне орайластырып, «Төл теңге - тәуелсіздігіміздің айғағы» атты тақырыпта арнайы география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенттерімен тәрбие сағаты өтіп, теңгеміздің тарихы мен оның еліміздің рухани дамуындағы рөлі сөз болып, пікірлер білдірді.

Бүгінгі күні теңге тұтастай Қазақстан мен оның халқының  дербес тіршілі­гінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы ретінде қолданысқа ие бо­лып отыр. Ұлттық ақша осы жылдар ішін­де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы­­мен түрлі қаржы дағдарыстарына төтеп беріп қана қоймай, жұртшылық тарапы­нан инвестициялық сенімге де ие болды. Ел экономикасы өсіп, ішкі жалпы өнім ұлғайғалы бері теңге жұртшылық назарын тұрақты, сенімді валюта ретінде аудара бастады. Сол себепті де төл теңгеміздің құнын біліп қана қоймай, оның еліміздің тәуелсіздігінің айрықша белгісі болып отырғандығын  жас ұрпақ санасына жиі салып отыру артық болмасы анық.

Қазақстан тарихы кафедрасы - Абикенова Г.Е.