Жастар санасын рухани жаңғыртушылар өз ортамызда

31-қаз-18

Көрулер: 2261

Қазіргі таңда ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізіне үңілуіміз қажет. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін анықтап көрсеткен болатын.

Тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарих кафедрасы  жастардың рухани санасын жаңғырту мақсатында Қазақ журналистикасының майталмандарының бірі, «Сүйінбай мен  Қатаған»   айтысын жаңғыртушы, «Құрмет» орденінің, «Ақпарат саласының үздігі» сыйлығының лауреаты, Қазақ радиосының ардагері Қойшығұл Мұстафаұлымен «Жыр-аңыз дәстүр: өткені мен жаңғыруы» атты тақырыпта арнайы кездесу өтті.

Кездесуге тікелей ұйтқы болған т.ғ.к., қауымдастырлыған профессор , факультет деканы М.С. Ноғайбаева болды. Сол сияқты республикаға танымал ғалым, факультет профессоры Қ.Т. Омарбеков, Қазақтан тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.К. Карибаева, кафедра профессоры Б.С. Сайлан, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары доцент Е.Н. Ноянов, PhD доктор М. Байдаулетова қатысты. Тарих, археология және этнология факультеті мен География және табиғатты қорғау факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

Қазақстан тарихы кафедрасы - Абикенова Г.Е., Уразбаева А.М., Менситова Г.И., Дуйсебаева А.И.