Ұлттық салт-дәстүр: бүгіні және болашағы

23-қаз-18

Көрулер: 2565

ҚР Президенті Н. Назабаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді орындау мақсатында 23 қазан 2018 жылы, Тарих, археология және этнология факультеті мен Педагогикалық ғалымдар академиясы қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып Ұлттық салт-дәстүр: бүгіні және болашағы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел қатысушылары болып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Омаров Г.К., ҚР ҰҒА, тіл білімі институты, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді Уәли, ҚР ҰҒА, тіл білімі институты, филология ғылымдарының докторы, профессор Рустембек Шойбеков, тарих ғылымдарының кандидаты, Нұр-Мүбәрак ислам университетінің доценті Досымбек Қатран, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қалшабаева Б.К., археология, этнология және музеология кафедрасының доценттері Баудиярова К.Б., Егизбаева М.К., С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Дүйсенова Н.К. және факультет студенттері мен магистранттары қатысты.

Жиын барысында қазақ қоғамындағы ұлттық салт-дәстүрлердің құндылықтарының маңызы талқыланып, мамандар мен ғалымдардың сараптамасы негізінде сабақтастығын талдай отыра ортаға ой салынып, пікір алмасу өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты болып, қазақ қоғамындағы салт-дәстүрлерін талдап, оның тәрбиелік мәнін ұғындыру, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету мен жеткізу маңызы қойылды.

Тарих, археология және этнология факультеті