Еуразия тарихындағы ғұндар

30.10.2018

Көрулер: 4867

Тарих, археология және этнология факультетінде т.ғ.д., профессор, академик, Дүние жүзі тарихын зерттеу бойынша Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Қ.Т. Жұмағұловтың Австриядағы Зальцбург университетінің студенттеріне «Die Rolle der Hunnen in Der Geschichte Eurasiens» (Еуразия тарихындағы ғұндар) тақырыбында дәрісі өтті.

Профессор өз дәрісі барысында тың фактілермен қатар, теориялық пен методологиялық мәселелерге тоқталды. Посткеңестік кеңістіктегі қазақстандық тарихнамада ол алғашқы болып ежелгі әлем мен орта ғасырлар тарихындағы жаңа кезеңдік бөліністі ұсынып, б.з.д. IV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Ұлы Қоныс аударудың нақты ғұндармен басталғандығын атап өтті. Профессор Қ.Т. Жұмағұлов латын, ерте германдық пен скандинавтық тілдердегі жаңа деректік материалдарды пайдалана отырып, 451-ші жылғы тарихтағы белгілі Каталаун шайқасына қатысты мәселелерді талдануына ерекше тоқталды. Ол өзінің алғашқы болып Ватиканда тапқан ғұндардың билеушісі Аттила мен Рим папасы І-ші Левтың тарихи кездесуін көрсететін фреска туралы баяндады. Профессор Қ.Т. Жүмағұлов бұл фресканың сипаттамасын алғашқы рет берді.

Дәріс барысында лектор Biblioteca Аpostolica Vaticana сирек қорынан жинақтаған ерекше латын манускриптілерін келтірді. Дәріс соңында профессор студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Аудитория лекторды үлкен қызығушылықпен тыңдап, ду қол шапалақпен ризашылығын білдірді.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы