Жунисбаева Аиданың шет елдік зерттеу іссапары бойынша есеп беруі

06.02.2018

Көрулер: 2434

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде, Мәскеу қаласында өткен екі дипломдық бағдарлама аясындағы (15.09.2017-31.01.2018 ж) Шет елдік зерттеу іссапары бойынша 2-курс магистранты Жүнісбаева Аиданың есебін тыңдады.

Магистранттың оқуы «Құжаттану және технотрондық мұрағаттар» факультетінде өтті. Оқу үрдісі бір семестрден құралды.

Дәрістерді тарих ғылымдарының докторлары Ланской Г. Н., Архипова Т.Г.; тарих ғылымдарының кандидаттары Кукарина Ю.М., Конькова А. Ю., Пшенко А.В. және т.б. өткізді.

Магистрант оқу үрдісінің ұйымдастырылуы, ғылыми-зерттеу қызметі және оның нәтижелері, ресейлік әріптестермен өзара қарым-қатынас жайлы сұрақтарға жауап берді.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы