Танымал американдық профессор Пол Верттің дәрістері
16.11.2017
Көрулер: 2478
16.11-30.11.2017 аралығында Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы танымал ғалым, Невада университетінің (АҚШ) профессоры Пол Верттің дәрістерін ұйымдастырды. Дәріс Тарих, археология және этнология факультетінің 405 аудиториясында өткізілді. Дәрістерге профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер атсалысты.
Орталық Азия, Еуразия және Қазақстанның тарихына байланысты өзекті мәселлер қарастырылды. Дәріскер аудиторияны әлемдегі ең танымал журналдардың бірі "Критика" ғылыми журналымен таныстырды.






