Ежелгі дүние мен ортағасырлардағы Шығыс және Батыс тарихы

11.04.2018

Көрулер: 2904

2018 жылдың 9-11 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазіҰУ-да студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференция аясында «Ежелгі дүние мен ортағасырлардағы Шығыс және Батыс тарихы» атты секция жұмыс жасады. Секция жұмысына тарих, археология және этнология факультетінің 1-3 курс студенттері және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттері қатысты. Тарих, археология және этнология факультетінің «Ника» және «Еуразия өркениеті» студенттік ғылыми клубының мүшелері баяндамалар жасады. Баяндама тақырыптары ежелгі дүние мен орта ғасырлар тарихының әр түрлі өзекті тақырыптарына арналды, Шығыстың ежелгі дәуірі және антика тарихы бойынша 13 баяндама, Батыс пен Шығыстың орта ғасырлар тарихы бойынша 14 баяндама жасалды. Секция жұмысында кызу талқылаулар болып, студенттер бір-біріне әр түрлі сұрақтар қою арқылы белсенді түрде жұмыс жасады. Секция жұмысының нәтижесінде келесі студенттер марапаттауларға ие болды:

I дәрежелі диплом 

Адигенеев Нуржигит. 1 курс студенті. Баяндама тақырыбы «Золотая булла" Карла ІV Люксембурга». Научный руководитель: академик НАН РК д.и.н., профессор Жумагулов К.Т.       

II дәрежелі диплом

Смагулов Байзак.  Студент 1 курса факультета истории, археологии и этнологии. Государственная деятельность Фемистокла. Научный руководитель: к.и.н., доцент Мийманбаева Ф.Н.

Серікқалиев Әлішер.  Тарих, археология және этнология факультетінің 1 курс студенті. Рим әскері: даму кезеңдері мен ерекшеліктері. Ғылыми жетекшісі: Қартабаева Е.Т.

III дәрежелі диплом

Жанбырбай Едиль. студент 1 курса факультета истории, археологии и этнологии. Внешняя политика Дария І. Научный руководитель: к.и.н., доцент Мийманбаева Ф.Н.

Базарбаев Кайрат. студент 1 курса факультета истории, археологии и этнологии. О внешней политике Карла Великого (VIII-IX). Научный руководитель: академик НАН РК д.и.н., профессор Жумагулов К.Т. 

Байбукашева Айдана. Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс студенті. Осман империясының қалыптасуы. Ғылыми жетекшісі: Қартабаева Е.Т.

Бәшембаев С. Тарих, археология және этнология факультетінің 1 курс студенті. Эфталит фодалдық мемлкетінің құрылуы. Ғылыми жетекшісі: Машимбаев С.М.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы