Қ.Т. Жұмағұловтың 70-жылдық мерейтойына арналған конференция

09.02.2018

Көрулер: 2365

2018 жылдың 9-ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы «Құрмет» орденінің кавалері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Дүние жүзі тарихын зерттеу бойынша РҒЗО директоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі, Геттинген университетінің профессоры Қ.Т. Жұмағұловтың 70-жылдық мерейтойына және 50-жылдық ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді: «Қазіргі заманғы интеграция мен модернизация аясындағы дүние жүзі тарихы және Еуразиядағы халықаралық қатынастар».

Конференция шеңберінде 100 аса отандық және Германия, Италия, Түркия, Өзбекстан, Украина, Қытай, сияқты шет елдерден профессор Фабио Грасси (Рим, Ла-Сапиенза университеті), профессор Миша Майер (Тюбинген университеті, Германия), проф.Мехмет Арслан (Стамбұл университеті, Туркия) ғалымдардың баяндамасы қаралды. Сонымен қатар Қазақстандағы дүние жүзі тарихын зерттеудің өзекті мәселелері; посткеңестік аясындағы қазіргі заман тарихының методология мәселелері; Қазақстанның отандық тарихының мәселелері қарастырылды. Жетекші тарих ғалымдары мемлекеттің ұлттық бірегейлігінің қалыптасуы мәселелері жайында, тоталитарлы өткенді сыни қайта ой елегінен өткізу сияқты мәселесі жайында ой алмастырды.

Конференцияның екінші бөлігібірінші қазақ тарихшы-медиевист, өмірінің көп бөлігін – ассистенттен профессорға дейін, ежелгі дүние және ортағасырлар тарихы кафедрасының негізін салушыдан оның меңгерушісіне дейін, ірі ғалым, Қазақстандағы тарих ғылымының ұйымдастыруымен өткізген Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұловтың қызметіне арналды.

Конференцияның салтанатты бөлігінде қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов және білім және ғылымның көрнекті қайраткерлері, әріптестері мен ғалымның шәкірттері профессор Қ.Т. Жұмкағұловтың отандық ғылымға және білімге қосқан үлесін жоғары бағалап, атақты ғалымға ары қарайғы өмірі мен шығармашылығында сәттілік тіледі.

дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы