Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері
Көрулер: 2975
Атырау қаласында Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық форумының аясындағы «Наурыз- АДАМЗАТТЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАСЫ РЕТІНДЕ» Халықаралық ғылыми конференциясына әл-фараби атындағы қазҰУ Тарих, археология және этнология факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының профессор м.а. т.ғ.д. Б.К. Қалшабаева шақыртумен қатысып қайтты.
Аталған шара Атырау облыстық әкімшілігі мен Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлесе ұйымдастырылған. Форумға Венгрия, Польша, Иран, Түркия, Ресей, Азербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Якутия, т.б. елдерден ғалымдар мен басқа да салалардағы қонақтар қатысты. Форумды облыс әкімі Н.А. Ноғаев ашып, онан әрі ТҮРКСОЙ төрағасы Д, Қасейінов жалғастырыпп, өткізіліп отырған шараның қазақ халқының ұмытылып бара жатқан материалдық емес мұраларын жаңартуда маңызды екендігіне басты назар аударды. Атырау қаласының алаңында наурызды айшықтайтын сахналық көріністер көрсетілді. Түстен кейін «Мереке феноменін зерделеудің теориясы мен әдістемесі»,«Еуразия халықтарының көктемгі күнтізбелік әдет-ғұрыптарындағы кейіпкерлер, құрылымы және мифологиясы: жалпылама және ерекшелері» секциялар бойынша баяндамалар оқылып, ұсыныстар берілді.
археология, этнология және музеология кафедрасы - Қалшабаева Б.К.
![]() |
|







