«Тамғалы» петроглифтер кешені
05.11.2017
Көрулер: 2910
2017 жылдың 5 қараша күні «Айналаңды ңұрландыр» бағдарламасының аясында Археология, этнология және музеология кафедрасы «Археолог» үйірмесінің ұйымдастыруымен Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері«Тамғалы» петроглифтер кешеніне саяхат жасады.
Экскурсияның негізгі мақсаты – тарих, археология және этнология факультетінің студенттерін ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген, б.з.д. ХIV – б.д. VI–VIII ғғ. аралығын, яғни қола дәуірінен көне түркі кезеңдері аралығын қамтитын әлемдік маңызы бар Тамғалы археологиялық кешенімен таныстыру, Отандық тарихқа деген қызығушылығын арттыру.
археология, этнология және музеология кафедрасы - Сапатаев С.А., Бесетаев Б.Б.
![]() |
|







