Италияның реставрация институтының делегациясымен кездесу
Көрулер: 3253
Тарих, археология және этнология факультетінде Италияның Офифичо Дель Пьетр Дюра (Флоренция) бас реставрация институтының делегациясымен кездесу болды. Делегацияның құрамында үш адам бар:
- Letizia Montalban – асыл тастарды қайта өңдеу мектебінің директоры және халықаралық тренингтер жобасының бас менеджері.
- Anna Patera - археолог, мозаика және асыл тастарды қалпына келтіру бөлімінің директоры, археологиялық қызмет директоры.
- Annalisa Lusuardi - ITP жобасының үйлестірушісі (International Trainig Projects / International Training Project).
Делегатция студенттер мен оқытушыларға өздері келіп отырған институт туралы, гранттар алу жолдары мен онда оқу, тәжірибеден өту, біліктілікті көтеруге арналған курстар туралы айтып, келушілердің сұрақтарына жауап берді.
Археология, этнология және музеология кафедрасы
![]() |
|
![]() |
![]() |









