Ерлік сабақтары
Көрулер: 3008
Кездесуді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары Сайлан Б., Қозғамбаева Г., Хасанаева Л., Ноянов Е. өткізді
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері т.ғ.д., профессор Болат Сайлан, (Алматы қ.), Байдаулет Дәркенбаев (Алматы облысы), Әділ Әбдіхалықов (Алматы облысы), Алдажар Сейітұлы (Қызылорда облысы), Серік Ханиев (Оңтүстік Қазақстан облысы) ардагерлер қатысты.
Бұл ардагерлер Ауған соғысының тарихы мен ол соғысқа қатысқан ардагерлердің бүгінгі бейбіт күндегі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге тарих, археология және этнология, механика-математика, экономика және бизнес факультеттерінің студенттері қатысып, патриотизм тақырыбымен сусындады. Кездесуде ардагерлер студенттердің ан түрлі сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан тарихы кафедрасы - Сайлан Б.С.
![]() |







