Монғол империясы және Орталық Азия тарихы

13.03.2018

Көрулер: 3216

Тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 13 наурыз күні сағат 16.00-де Солтүстік Джорджия университетінің профессоры, Өнер және әдебиет колледжінің деканы PhD доктор Тимоти Майкл Мэймен «Монғол империясы және Орталық Азия тарихы» атты тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Профессор Тимоти Мэй – Монғол империясы және жалпы көшпелі империялар тарихының маманы. Ол бірнеше кітаптың және көптеген басқа да басылымдардың авторы, редакторы. Тимоти Мэйдің зерттеу саласы - Монғол империясы, крест жорықтары, ортағасырлық соғыс, Орталық Азия, Монголия және ислам тарихы. Дөңгелек үстелге факультет деканы қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Мендігүл Сағатовна және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанович, профессор-оқытушылар құрамы, кафедра докторанттары мен магистранттары қатысты. Алдымен факультет деканы сөз алып, профессор Тимоти Майкл Мэйді таныстырып өтті. Содан кейін дөңгелек үстел профессор Тимоти Майкл Мэйдің «Монғол империясы және Орталық Азия тарихы» атты тақырыбындағы дәрісімен жалғасын тапты. Қорыта келе, мұндай дөңгелек үстелдің өтуі жас ғалымдардың ғылымға деген құлшынысы арта түсіп, екі елдің арасындағы байланыс жан жақты нығая түсуіне жол ашпақ. Кездесу кеші өз мақсатына жетті

Қазақстан тарихы кафедрасы - Ахметжанова А.Т.