Цифрлы технологияларды пайдалану мүмкіндіктері талқыланды

21.02.2022

Көрулер: 1550

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде ІХ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі аясында Дүниежүзілік радио күніне орай «ХХІ ғасырдағы радионың рөлі: жаһандық перспектива, тұрақты даму, сенімді ақпаратқа қол жеткізу, адам тағдырына әсері» атты конференция өтті.


«Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырған конференция барысында ғаламдық радионың ақпарат жеткізудегі заманауи мүмкіндіктері талқыланды.

Биыл Дүниежүзілік радио күні «Радио және сенім» тақырыбына арналды. Қысқы медиа мектептің мақсаты сандық радиотехнологияларды қолдануда жаңа білім мен тәжірибелік дағдылармен таныстыру, БҰҰ Тұрақты даму мақсатын жариялауда жаңа технологиялар мен әдістерді үйрену, интернет және цифрлы сауат дағдыларымен танысу саналды. Биыл алғаш рет радионың балама құралы ретінде Қазақстанда «подкаст» жобалардың дамуын қолдауға арналған жаңа жұмыс секциясы іске қосылды.

Сандық радиотехнологияларды қолдану бойынша жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды алу, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары – бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар мақсатын жариялауда жаңа технологиялар мен әдістерді үйрену, интернет және цифрлы сауаттылық мәселелері бойынша жаңа дағдылар мен құзіреттілікті үйрену, сонымен бірге радиожурналистика туралы білімді кеңейту сияқты ауқымды тақырыптарды қамтыған конференция барысында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Радионың замануи қоғамдағы рөлі, ақпартты жедел жеткізетін мобильді қызметі тұрғысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мадиев, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық бюросының басшысы, Алтай мемлекеттік университетінен филология ғылымдарының докторы Елена Васильевна Лукашевич, профессор, Өзбекстан Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің профессоры Патима Муминова, Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық Басқармасының басшысы Алмаша Аренова, ЮНЕСКО халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының доценті Александр Рожков, PhD, ғылыми кеңесші Рафис Абазов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева, ҚазҰУ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің Farabi media сутудиясының бас сарапшысы Бахыт Құрманбеков, т.б. ғалымдар қатысты.

Қазақстан, Ауғанстан, Қытай, Ресей, Өзбекстаннан қатысқан ғалымдар, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар және де БАҚ өкілдері үшін бұл жиын радиожурналистика, цифрлы технологиялар өрісін кеңейту мүмкіндіктеріне қатысты ақпарат алуға мүмкіндік берді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті, «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы