Академиялық ықпалды күшейту – Орталық Азия университеттерінің ынтымақтастығына негізделген

28.09.2019

Көрулер: 1640

Халықаралық ақпаратқа жалпыға қол жетімділіктің күніне арналған І Орталықазиялық журналистика семинарының спикерлері медиа зерттеу платформасын құру бастамасын қолдады. Болашақ журналист кадрларды даярлау саласындағы ақпаратқа және ақпараттың ашықтығына қол жеткізу мүмкіндігі, осы және басқа да мәселелер 27 қыркүйекте Халықаралық ақпаратқа қол жетімділіктің күніне арналған «Ақпаратқа қол жетімділік: академиялық ықпалды күшейту» күніне арналған журналистика бойынша  І Орталықазиялық семинарда талқыланды. Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстаннан келген профессорлар мен студенттер қатысқан бұл шара қатысушыларға диалогқа практикалық қатысуға және соңғы академиялық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, алыс Австралиядан еліміздің оңтүстік астанасына келген доктор Бит Джозефи семинардың маңызды қонағы болды.

Семинар БҰҰ-ның Ғаламдық коммуникациялар департаменті мен ҚазҰУ-дың баспа және электронды БАҚ кафедрасының бірлескен күшімен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілдігі мен Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты саяси тобының қолдауымен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың құттықтау сөздерінен кейін Өзбекстанның Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің профессоры Ф.Муминова журналистер тәжірибесіндегі ақпаратқа қол жеткізу проблемалары туралы сөз сөйледі.сөз сөйледі. Өзбекстандағы журналистиканы оқыту тақырыбын Өзбекстан ұлттық университетінен Я.М.Маматова жалғастырды. Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы А.Дүйшекеева мен Қырғызстан Халықаралық университетінен М.Мырзағұлов қырғыз журналистикасының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы айтып берді.

Сидней университетінің медиа және коммуникациялар бөлімінің құрметті қызметкері, доктор Бит Джозефи “The Worlds of Journalism Study” атты баяндама жасады, ол WJS қызметі туралы егжей-тегжейлі акйтып берді және жиналғандарды болашақ жобаларға қатысуға шақырды. Осыдан кейін Орталық Азиядағы Америка университетінің студенті Е.О.Турдубаева «Қырғызстандағы журналистикасын тұрақты даму мақсатында оқыту саласындағы тренинг» тақырыбында баяндама жасады. Барлық презентациялар қатысушылардың белсенді пікірталасымен сүйемелденді, олар өз саласындағы ең жақсы тәжірибелермен қуана алмасты.

 

Семинар соңында Орталық Азия университеттері арасында журналистика факультеттері мен кафедраларының ассоцияциясын құру туралы шешім қабылданғаны туралы жаңалықтар айтылды. Бұл қауымдастық журналист кадрларды даярлауда академиялық ықпалды күшейтуге бағытталған және университеттер арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады.