Іс-шаралар күнтізбесі

VІ-Нүсіпбеков оқулары аясында «Академик Ақай Нүсіпбеков және Қазақстанның ұлттық тарихының жаңғыруы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

25.12.2018

2018 ж. 25 желтоқсанда Ғылым ордасының Кіші конференц-залында кезекті А. Нүсіпбеков оқулары аясында «Академик Ақай Нүсіпбеков және Қазақстанның ұлттық тарихының жаңғыруы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлер, институттың ардагерлері, БАҚ өкілдері, және докторанттар мен магистранттар қатысты. Конференция Институт директоры З.Е. Қабылдиновтың кіріспе сөзімен ашылды. Белгілі ғалымдар – Қ.С. Алдажұманов, Ж.Б. Абылхожин, М.Қ. Әбусеитова, Т.О. Омарбеков, С.К. Өтениязов, А.И. Құдайбергенова және т.б. баяндама жасады. Сонымен қатар, 2 курс магистранттары Р. Жанұзақ пен Ә. Отарға Сүйіндік Ақайұлы Нүсіпбеков Институттың үздік магистранттар ретінде А. Нүсіпбеков атындағы стипендиялармен марапаттады. Конференция барысында жиналған қауым қазақ ғылымындағы ғалым мұрасының айрықша рөлі мен маңыздылығына тоқатылып,  қарар бойынша келесідей шешімдер қабылданды:

- Академик А. Нүсіпбековтің және Қазақстан тарих ғылымының дамуына үлестерін қосқан көрнекті ғалымдардың ғылыми мұрасын зерттеуді жалғастыру;

- БАҚ-та, сондай-ақ заманауи байланыс құралдарының басқа түрлерінде Кеңес Одағы кезінде Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін насихаттау;

- Ақай Нүсіпбеков атындағы жыл сайынғы стипендияларды тарих факультеттердің үздік студенттері мен магистранттарына тағайындау;

- Осы конференцияның материалдар жинағын шығару;

- Институттың мәжіліс залына академик А. Нүсіпбековтың есімін беру және оны мемориалды кабинет ретінде жасақтау.

Ары қарай оқу >>

«Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясы мен жинағының тұсаукесері

19.12.2018

ҚР Ұлттық кітапханасында Бөкейхан Ә. Шығармалары – Сочинения. 15 том. – Астана: «Алашорда» Қоғамдық қоры, 2018. – Қазақша, орысша жинағының және «Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясының таныстырылымы өттіСұлтан Хан Аққұлы Жүсіп – ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры аталған жинақ пен энциклопедияның жарыққа шығу жолымен, кезеңдерімен таныстырып өтті. Ардагер ғалым Шәлекенов У.Х. және алаштанушы тарихшы Қойгелдиев М.Қ. өз құттықтауларын айтып, Ә. Бөкейханға байланысты кітаптар бойынша тұшымды ойларын  көпшілікке жеткізді. 

Сонымен қатар, филология ғылымдарының докторы Орынай Сағынғалиқызы Жұбаева бірқатар еңбектерді таныстырып, олардың қазіргі қоғамды қалыптастыруда тигізер пайдасы және ықпалы туралы сөз етті. Шараға түрлі білім, ғылым ордаларынан келген зиялы қауым өкілдері қатысып, жаңа басылымдарға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік – басты құндылық»

13.12.2018

2018 ж. 13 желтоқсанда «Ғылым ордасының» конференц-залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған  «Тәуелсіздік – басты құндылық» деп аталатын алқалы іс-шара өтті. Отырыс барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылғы міндеттері туралы және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында жарық көрген З.Е. Қабылдиновтың «Султанмамет: государственный деятель, дипломат и батыр» және «History of Astana»  кітаптарының тұсаукесері жасалып, қатысқандарға кітаптар таратылды. Іс-шара отырысына Астана, Атырау, Шымкент, Алматы және тағы басқа қалалардың жоғарғы оқу орындары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚызМПУ, АЭБУ және т.б) мен ғылыми зерттеу мекемелерінін ғалымдары, оқытушы-профессорлары, докторантар мен магистранттары, «Атамұра» корпорациясының басшысы мен қызметкерлері, Ардагерлер өкілдері, қала мекемелерінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың өкілдері, белгілі қорлардың төрағалары, көрнекті қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер, институт қызметкерлері және тағы басқа тарихқа жанашыр азаматтар қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Астана. Президент. Независимость»

10.12.2018

2018 ж. 10 желтоқсанда қасиетті Түркістан қаласында, Түркістан облысының орталығында «Астана. Президент. Тәуелсіздік» символикалық атымен халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Ұйымдастырушылар ретінде Қ.А. Яссауи ат. ХҚТУ және Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты болды. Ғылыми форум «Ұлы даланың жеті қыры» жаңа президенттік мақаласын іске асыру мақсатында өткізілді. Сол жерде З. Қабылдиновтың «History of Astana» жаңа кітабының тұсауы кесілді. ҚР мемлекеттік елтаңба авторы Ж. Мәлібекұлы еліміздің латын графикасында «Kazakhstan» жазуымен жаңа елтаңбасын табыстады.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұлғалар тарихында

08.12.2018

 

Тариx факультетінің 4 курс студенттері "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көрнекті ғалымдары мен окытушыларының тағдыры" атты курсты оқу барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайынаб арып, оқып танығанын бекітіп, ҚазҰУ ғалымдарын білу арқылы өздерінің альма-матерлары туралы да біраз маңызды ақпараталып қайтты. Ұйымдастырушы: Ахметжанова А.Т.

Ары қарай оқу >>

Студенттер және театр

07.12.2018

Қазақстан тарихы кафедрасының доценты А.Т. Ахметжановамен бір топ студенттер Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драматеатрында "Жүзжылдық махаббат " (Мағжан Жұмабаевтың мерей тойына арналған) атты спектаклді тамашалады. Ұйымдастырушы: Ахметжанова А.Т.

Ары қарай оқу >>

28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ

06.12.2018

Химия және химиялық технология факультетінің 1 курс студенттері және Қазақстан тарихы кафедрасының доценты А.Т. Ахметжанова 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта болдып қайтты. Студенттер Алматы қаласының тарихи орындарымен танысып, сабақ барысынд аөткен-оқығандарын көріп, сұрақтар қойып, үлкен, ұмытылмас әсер алды. Ұйымдастырушы: Ахметжанова А.Т.

Ары қарай оқу >>

Ы.Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы

05.12.2018

"Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы" курсы барысында Химия және химиялық технологиясы факультетінің1курс студенттері мен рухани жаңғыру орталықтарының бірі - Ы. Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспапта мұражайына саяхат жасалынды.

Ұйымдастырушы: Ахметжанова А.Т.

Ары қарай оқу >>

Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барып студенттер мен бірге тамашалау

03.12.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық факультеттерінде "Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы" атты таңдау пәні ұсынылады және де "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы" міндетті пән оқытылады. Екеуіндеде, оқу үдерісін ұйымдастыру барысында, студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының мән-мағынасын түсініп және рухани маңыздылығын белгілеп, ой-пікір алмаса отырып, өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, бірнеше тәжірибелік сабақтарға белсене қатысады. Курстарды оқу барысында химия және химиялық технологиясы факультетінің 1 курспен философия және политология факультетінің 2 курс студенттері, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткер және Алаш зиялыларының біріАхмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барып, уақыттарын танымды әрі пайдалы өткізді.

Ұйымдастырушы: Ахметжанова А.Т.

Ары қарай оқу >>

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мұражай-үйіне студенттермен саяхат

29.11.2018

"Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы" атты таңдау пәні мен "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы" курстарын оқыту барысында студенттермен көптеген мұражайлар мен тарихи маңызды орындарына барды. Ұйымдастырушы: Ахметжанова А.Т.

Ары қарай оқу >>