Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл

14.02.2023

Көрулер: 604

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Шерхан Мұртаза атындағы аудиторияның ашылу салтанаты мен тұсаукесері рәсімі өтті. Көрнекті мемлекет қайраткері, халық жазушысы және журналистің өмірі мен қызметі туралы мол мағлұмат беретін заманауи технологиямен жабдықталған оқу зертханасы таныстырылды. 

https://www.facebook.com/safura.boribaeva/